2012 жылдың 18 желтоқсанында "Жайықмұнай" ЖШС (Қазақстан) қатысушыларының жалпы жиналысы болады

14.12.12 16:30
/KASE, 14.12.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) "Жайықмұнай" ЖШС (Орал), биржаға ресми хатпен 2012 жылдың 18 желтоқсанында қатысушыларының кезектен тыс жиналысы болады деп хабарлады. Аталған жиналыстың күн тәртібіндегі жалғыз мәселе 2013 жылдың 31 желтоқсанына дейін "Жайықмұнай" ЖШС бас директорының уәкілеттігін ұзарту болып табылады. [2012-12-14]