13желтоқсанда "Кселл" АҚ (Қазақстан) KZ1C59150017 (KZ1C00000876, KCEL) жай акцияларының KASE қайталама нарығында сауда-саттығы ашылу салтанаты болды

13.12.12 17:48
/KASE, 13.12.12/ – 2012 жылдың 13 желтоқсанында "Алматы Тауэрс" бизнес орталығының ғимаратында Қазақстан қор биржасының (KASE).қайталама нарығында "Кселл" АҚ (Алматы) жай акцияларының сауда-саттығы салтанатты түрде ашылды. Ашылу салтанаты биржада жоғарыда аталған 7,5 млрд теңге акциялардың жазылым әдісі арқылы және акциялардың жахандық ұсыным акциялары мен ЖДҚ аясында арнайы мамандандырылған сауда саттық арқылы табысты сатылуына арналды. "Кселл" АҚ тарапынан ашылу салтанатына Вейсел Арал (бас атқарушы директор), Бауыржан Аязбаев (бас қаржы директоры), Нұрлан Сарғасқаев (бас коммерциялық директор), "Kселл" АҚ жетекші құрылымдарының басшылары қатысты. Биржадан Президент Қ.Қ. Дамитов, Бірінші Вице-президент И.М.Сәбитов, Вице-президент А.Ю. Цалюк және KASE негізгі құрылымдарының басшылары қатысты. Сонымен қатар іс-шараға "Кселл" АҚ – "VISOR Capital" АҚ қаржылық кеңесшілері және қазақстан халық банкінің ЕК "Halyk Finance" АҚ, сондай-ақ заң кеңесшілері – SNR Denton Kazakhstan Limited қатысты. KASE және "Кселл" АҚ басшыларының сөйлеген сөздеріне қарағанда, "Кселл" АҚ жай акцияларын сату ұсынысы соңғы жылдағы ашық нарықтағы ірі ұсынымдардың бірі болып табылады. Ол бір уақытта KASE және Лондон қор биржасында (LSE) акция түрінде және ЖДҚ түрінде орындалып отыр. Аталған мәміле жергілікті және халықаралық қаржы ұйымдарының қатысуымен жүргізілгендіктен табысты өтіп, қазақстан қор биржасының мүмкіндіктерін көрнекі түрде көрсетеді және Қазақстанның аймақтық қаржы орталығы ретінде тұрақты дамуын дәлелдейді. Сауда-саттық залда орналасқан монитор арқылы KASE сауда ақпараты тікелей таратылды. Ашылу салтанатының фотоматериалдары KASE веб-сайтында "Оқиғалар" бөлімінде http://www.kase.kz/ru/events мекен-жайында жақын уақытта беріледі. [2012-12-13]