/KASE, 13.12.12 - 11.12.12 жаңалықты қайталау/ – Қазақстан қор
биржасының КASE сауда-саттық жүйесінде 2012 жылдың 21
желтоқсанында "Эксимбанк Казахстан" АҚ (Астана) KZP03Y07C299
(KZ2C00000719, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық
бағалы қағаздар" санаты, EXBNb3; 100 теңге, 10,0 млрд теңге; 13.07.08 –
13.07.15, ағымдық купондық мерзімге жылдық 10,00 % жарты жылдық
купон, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы
мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.
Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта андеррайтер ретінде
"Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болады.
Орналастырудың жарияланған көлемі 20 000 000 KZP03Y07C299
облигация (осы шығарылымның тіркелген облигацияларының жалпы
санынан 20,0 %).
Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде
Алматы уақыты (ALT) 11:30-дан 14:30-ға дейін өткізіледі. Бағалы
қағаздың сауда-саттықтағы коды – EXBNb3. Сатып алушы кесімді бағаны
сауда-саттық күні ALT 16:00-ге дейін анықтайды.
Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен
берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады.
Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы)
ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып
алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық
бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы корреспондеттік есеп-шотында
15:00-де ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына
дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнын пайызбен
көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы (жиналған мүддені
есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны
данада берілген облигациялар санына тең болуы тиіс. Лоттың көлемі -
1 000 облигация. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар
санының бір облигацияның "таза емес" бағасына (жинақталған мүддені
ескере отырып) көбейтіндісі көрсетіледі.
Мәміле, мекен-жайы бойынша жарияланған
http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf көлемі
Облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер
сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі.
Сатып алу өтінімдерін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең немесе
сатушы үшін пайдалырақ болатын өтінімдердің бағалары бойынша.
Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер
бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере
алады.
KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі
http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған.
Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен
http://www.kase.kz/files/emitters/EXBN/exbnf9b3_2009.pdf мекен-жайы
бойынша танысуға болады.
[2012-12-13]