"Bank RBK" Банкі" АҚ (Қазақстан) МАП 10 желтоқсанда Биржада бір акцияның 7 600,00 теңге бағасымен 53,2 млн теңгеге сатылды

11.12.12 19:06
/KASE, 11.12.12/ – 2012 жылдың 10 желтоқсанда Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) сауда-саттық жүйесінде "Bank RBK" Банкі" АҚ (Алматы) 7 000 KZ1C35450010 жай акциясынан (тіркелген жай акциялардың барлық көлемі) құралған мемлекеттік акциялар пакеттермен сауда-саттық аяқталды. Сауда-саттықтың бастамашысы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті болды. МАП сатылымы бойынша уәкілетті брокер "CAIFC INVESTMENT GROUP" АҚ (Алматы) болды. Биржадағы МАП сауда-саттығы 2012 жылдың 20 тамызынан бастап, http://www.kase.kz/files/normative_base/methods.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған, "Сауда-саттықты өткізу әдістері туралы" атты Биржаның ішкі құжаттына сәйкес, үздіксіз қарсы аукцион әдісімен жүргізілді. МАП сауда-саттыққа бөлінбейтін лотпен, NZ_ ZHEZ кодымен шығарылды. Сауда-саттық нысаны бір МАП акциясы үшін теңгедегі бағасы болып табылады. 29 тамыздан 05 қыркүйекке дейінгі кезеңде сатушыдан басқа, сауда- саттыққа Биржаның бір мүшесі қатысты, сауда-саттық барысында оның тарапынан бір акцияға 1 000 теңге бағасымен МАП сатып алуға бес өтінім түсті. Осы кезеңде сатушы ұсыныс бағасын бір акция үшін 2 000,00 теңгеден бастап 1 000,00 теңгеге дейін төмендетті. Мәміле 10 желтоқсанда бір акция үшін 7 600,00 теңге бағасымен жасалды. Мәміле сомасы 53 200 000,00 теңгені құрады (10 желтоқсандағы теңгенің долларға биржалық бағамы бойынша 354 359,56 АҚШ доллары баламасымен). Есептесу тәртібі Сауда-саттық нәтижесі бойынша есептесулер, http://www.kase.kz/files/normative_base/gpa_kaz.pdf мекен-жайы бойынша KASE веб-сайтында жарияланған, "Мемлекеттік акциялардың пакеті. Сауда- саттыққа жіберу және сауда-саттық нәтижесі бойынша есептесу тәртібі" атты KASE ішкі құжатының 7 бабына сәйкес жүзеге асырылады. Аталмыш құжатқа сәйкес мәміле сомасын, KASE комиссиялық сыйақысын және алдында аударған (сауда-саттық басталап алдында МАП сатып алушысы KASE корреспонденттік шотына аударылатын) кепілдік жарнасын қоспағанда, МАП саутап алушысы "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) мәміле жасалған күннен кейін жеті жұмыс күн аралығында аударуы тиіс. Қосымша мәліметтер Бұдан бұрын осы тақырып бойынша Биржада 2012 жылдың 09 тамызында "2012 жылдың 20 тамызынан бастап биржада "Bank RBK" Банкі" АҚ (Қазақстан) МАП сату бойынша сауда-саттықтар басталады" жаңалығы http://www.kase.kz/kz/news/show/1172588 мекен-жайы бойынша жарияланды.] [2012-12-11]