2012 жылдың 11 желтоқсанынан бастап биржада ББҚ автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралымен сауда-саттық ашылады

10.12.12 16:42
/KASE, 10.12.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен, KASE мүшесінің өтініші негізінде 2012 жылдың 11 желтоқсанынан бастап "Цеснабанк" АҚ (Астана) автоматты репо нарығында репо операциясының мерзімі 7 күн, жаңа қаржы құралымен сауда-саттық ашылады, ондағы репо операциясының заты ретінде KZ1C33820016 (KZ000A0Q5HK5, (KASE ресми тізімі, бірінші санаты, TSBN) жай акциялары қолданылады. Репо операцияларына тиісінше коды R_TSBN_007берілді. [2012-12-10]