2012 жылдың 14 желтоқсанында "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Қазақстан) бірінші облигациялық бағдарламалар аясында шығарылған облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы өтеді

10.12.12 14:36
/KASE, 10.12.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) биржаға төмендегіні хабарлады: цитата басы "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (бұдан әрі - Қор) 2012 жылдың 14 желтоқсанында қордың бірінші облигациялық бағдарламасы аясындағы 750 млрд. теңге көлеміндегі жиырма шығырылым облигацияларын ұстаушылардың сырттай жалпы жиналысын өткізуді жоспарлап отырғандығын хабарлайды. Облигациялардың ұлттық сәйкестендіру номерлері: KZP01Y16D391, KZP02Y16D399, KZP03Y16D397, KZP04Y16D395, KZP05Y16D392, KZP06Y16D390, KZP07Y16D398, KZP08Y16D396, KZP09Y16D394, KZP10Y16D392, KZP11Y16D390, KZP12Y16D398, KZP13Y16D396, KZP14Y16D394, KZP15Y16D391, KZP16Y16D399, KZP17Y16D397, KZP18Y16D395, KZP19Y16D393, KZP20Y16D391. Облигациялары ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге құқығы бар ұстаушылар тізімі облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізу күніндегі бағалы қағаздарды ұстаушылар тізбесі негізінде жасалады. цитата соңы [2012-12-10]