"Қазақстан Даму банкі" АҚ XS0860582435, US25159XAB91 (BRKZe7) халықаралық облигациялары 10 желтоқсаннан бастап KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді

10.12.12 10:04
/KASE, 10.12.12/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 30 қазанындағы шешімімен "Қазақстан Даму банкі" АҚ (Астана) XS0860582435, US25159XAB91 ($1,0 млрд; 10.12.12 – 10.12.22, жарты жылдық купон 4,125 %, 30/360) халықаралық облигациялары KASE ресми тізіміне "Рейтингтік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді. Листингтік комиссиясының бұл шешімі, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасындағы шарттарды орындауына байланысты, 2012 жылдың 10 желтоқсанынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады. Бірлескен басқарушы менеджерлері және букраннерлері JP Morgan, VTB Capital және "Қазақстан Халық банкінің" еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Осы облигацияларды ұстаушылар тізілімін жүргізуді Deutsche Bank Luxembourg S.A. (Люксембург) жүзеге асырады. "АТФБанк" АҚ төлем агенті Deutsche Bank AG London Branch және DeutscheBank Trust Company Americas болып табылады. Аталмыш облигацияларға BRKZe7 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар KASE веб-сайтында 03 қазанында http://www.kase.kz/en/emitters/show/brkz мекен- жайы бойынша жарияланды. [2012-12-10]