"Казахстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ (Kazakhstan Engineering) 07 желтоқсанда өзінің 45,3 KZP01Y03E322 (KZ2C00001865, KZENb1) облигациясын биржада жылдық 7,00% орналастырды
07.12.12 18:27
/KASE, 07.12.12/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде
"Казахстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ (Kazakhstan
Engineering) (Астана) KZP01Y03E322 (KZ2C00001865, KASE ресми тізімі,
"Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KZENb1;
100 тенге, 15,0 млрд тенге; 06.11.12 – 06.11.15, жарты жылдық купон
жылдық 5,00 %; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы
мамандандырылған сауда-саттық өтті.
Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушы ретінде "АСЫЛ-
ИНВЕСТ" (Алматы) қатысты.
Эмитент сауда-саттықта KZP01Y03E322 50 000 000 облигациясын
орналастыруды жоспарлаған (осы шығарылымның жарияланған
облигацияларының жалпы санының 33,3 %).
Бағалы қағаздың номиналды құнының үтірден кейін төртінші таңбасына
дейін дәл көрсетіліп, пайызбен берілген облигациялардың "таза бағасы"
(жиналған сыйақыны есептемегенде) сауда-саттықтың мәні болды.
Орналастыруға қатысу туралы өтінімдер жабық әдіспен алматы уақытымен
(ALT) 11:30 бастап 13:00 дейін берілді. Сауда-саттыққа тек шектелімді
өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру
тәсілі – кесімді баға бойынша. Есептесу схемасы – Т+0.
Сауда-саттыққа KASE 2 мүшесі қатысты, олар 45 340 000 облигация сатып
алуға 2 өтінім берді. Өтінім беру кезеңі аяқталғанда барлық өтінімдер
белсенді болып қалды. Осылайша, сауда-саттықтағы сұраныс ұсыныстың
90,7 % құрады. Берілген өтінімдердегі "таза баға" 94,8035 % (сатып алушы
өтеуіне жылдық 7,00 %).тең болды.
Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 82,7 % зейнетақы нарығы
субъектілерінің үлесіне, 17,3 % - брокерлік-дилерлік компаниялардың
клиенттерінің үлесіне тиді.
Сауда-саттықтың нәтижелері бойынша эмитент кесімді бағаны
4 317 912 078,89 деңгейінде бекітті. Осы орайда тартылған сома
4 317 912 078,89 теңгені құрады.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтері
бойынша осы ақпаратты жариялау сәтіне барлық мәмілелер орындалды.
[2012-12-10]