"Казкоммерцбанк" АҚ (Қазақстан) 2012 жылдың тоғыз айындағы өзінің қызметінің нәтижелері туралы хабарлады

07.12.12 15:28
/KASE, 07.12.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы), 2012 жылдың 07 желтоқсанында биржаға ұсынған баспасөз-релизінде былай деп хабарлады: цитата басы Казкоммерцбанк 2012 жылдың аяқталған тоғыз айындағы шоғырландырылған қаржылық есеп берушілігі нәтижелеріне негізделген, МСФО сәйкес құралған жұмыс қорытындысын ұсынды. Негізгі көрсеткіштер 2011 жылдың 9 айындағы кірістер мен шығындар туралы негізгі баптарының динамикасы 2010 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда: - Банктің таза кірісі былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,4%-ға, яғни 17,9 млрд. теңгеден 19,6 млрд. теңгеге артты. - Таза пайыздық кіріс 4,8%-ға өсті; - жеке депозиттер көлемі жыл басынан бері 8,9%-ға артты. - Түзетілген таза пайыздық маржа 3,8% құрады. - 1-ші деңгейдегі капитал баламалылығы коэффициенті 18,2% құрады. - Банктің жеке капиталы коэффициенті 22,0% құрады. - Клиенттердің ссудасы бойынша резерв мөлшерлемесі 25,1%. - Қолданыстағы емес қарыздар жалпы ссуда көлемінен 28,7% құрады. цитата соңы Осы баспасөз-релизінің толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_071212.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2012-12-07]