"БТА Банк" АҚ (Қазақстан) Банкінің қайта құрылымдау жоспарын кредиторлардың жиналысы мақұлдағанын хабарлады

07.12.12 14:48
/KASE, 07.12.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "БТА Банк" АҚ (Алматы) биржаға 2012 жылдың 07 желтоқсанында төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) Белгіленген Қаржы берешегінен (толықтырулар енгізілген 2012 жылғы 8 қарашадағы Ақпараттық Меморандумда берілген анықтама бойынша) туындайтын талаптар бойынша 1 611 млрд. теңге (10,9 млрд. АҚШ доллар) мөлшеріндегі Банктің берешегін Қайта құрылымдау жоспарының Алматы қаласында 5 желтоқсанда өткен Кредиторлар Жиналысында мақұлданғандығын хабарлайды. Жоспарды мақұлдау үшін 1 511 млрд. теңге (10,2 млрд. АҚШ доллар) сомасындағы талаптарды иеленетін Кредиторлар дауыс берді, бұл барлық талаптардың 93,8 % құрайды. Дауыстар 2010 жылғы қайта құрылымдауға сәйкес Банкпен шығарылған борыштық бағалы қағаздардан (әрі қарай – Борыштық Бағалы Қағаздар), сауданы қаржыландыру бойынша жаңғыртылатын кредиттік желіден (әрі қарай - СҚЖКЖ) және Банкте «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат қоры» АҚ иеленетін депозиттерден (әрі қарай - СҚ депозиттері) туындайтын Талап ету құқығына ие Кредиторлармен берілді. ҚР «ҚР банктер және банктік қызмет туралы» Заңына сәйкес Қайта құрылымдау жоспары үлесіне барлық талаптардың кем дегенде үштен екі бөлігі тиесілі Кредиторлармен мақұлдануы тиіс. Осылайша, Кредиторлар жиналысындағы дауыс беру қорытындысы бойынша БТА Банкінің Қайта құрылымдау жоспары Кредиторлармен мақұлданды. Осының алдында 2012 жылғы 3 желтоқсанда Қайта құрылымдау жоспары, дауыс беруге қатысқан ҒДҚ 89,5% қосқанда, 99,4% көпшілікті құрайтын Банк Акционерлерімен мақұлданған болатын. цитата соңы Осы баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында: - қазақ тілінде - http://www.kase.kz/files/emitters/BTAS/btas_reliz_071212_k.pdf – на казахском языке; - орыс тілінде - http://www.kase.kz/files/emitters/BTAS/btas_reliz_071212.pdf; - ағылшын тілінде - http://www.kase.kz/files/emitters/BTAS/btas_reliz_071212_e.pdf мекен- жайларында танысуға болады. [2012-12-07]