The Banker "Еуразиялық банк" АҚ «Қазақстандағы жылдың үздік банкі» атады

04.12.12 14:25
/KASE, 04.12.2012/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы), 2012 жылдың 29 қарашасында төмедегі мазмұнда баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Беделді «The Banker» журналы Еуразиялық банкке «Қазақстандағы Жыл Банкі» атағын берді. Қаржылық және банктік тақырыпта мамандандырылған The Banker ағылшындық айлық журналының негізі 1926 жылы қаланған және бүгінгі таңда да жетекші халықаралық басылымдардың бірі болып саналады. Кезекті марапатқа түсініктеме бере отырып, Еуразиялық банктің басқарма төрағасы былай деді: «Еуразиялық банк осы жылы сан мен сапаның тамаша нәтижелерін көрсетіп, іс жүзінде бизнестің барлық салаларында табысқа жетті. The Banker басылымның «Жыл Банкі» атағы біздің стратегиямыздың дұрыстығын тағы да дәлелдейді. Біз халықаралық қаржылық басылымдардың нұсқасы бойынша ғана емес, сондай-ақ клиенттеріміздің пікірінше де үздік банк атағын сақтауға бар күшімізді саламыз». 2012 жыл Еуразиялық банк үшін барлық жағынан табысты болды, ол беделді үш халықаралық қаржы басылымының марапаттарымен расталады: Қазақстанның үздік банкі (Euromoney), Қазақстанның үздік бөлшек банкі (Asian Banking & Finance) және Қазақстандағы Жыл Банкі (The Banker). «Bank of The Year» марапаты нарықтың талаптарына сай келетін және жаһандық экономикадағы құбылмалы жағдайларына қарамастан, дамуды айқындайтын барынша қарқынды банк институттарына тағайындалады. Марапаттың негізі кез келген қаржы институты үшін маңызды болып саналатын инновация мен экономикалық тиімділік сияқты құрамдас бөлшектерден тұрады. Аталған марапатқа табысты және сапалы даму көрсеткіштері үшін, өз өңірінде банк бизнесін дамуға қосқан үлесі мен клиенттерге жоғары сапалы өнімдер мен қызмет көрсеткені үшін үздік банктер ие болады. 2012 жылдың он айы ішінде Еуразиялық банктің несие портфелі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 375,3 млрд теңге деңгейіне дейін, 40,6%-ға өсті. Таза пайда (2012 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша) 7,5 млрд теңгені құрады, ол өткен жылдың ұқсас көрсеткішінен 59,7%-ға артық. 2011 жылғы 1 қарашадан бастап 2012 жылғы 1 қараша аралығында клиенттік базаның өсімі 49,5% -ды құрады (клиент шоттарының саны 519 мыңнан 776 мыңға дейін ұлғайды). Таза пайыздық маржа (NIM) ағымдағы жылы 30,2%-ға, 6,9% деңгейіне дейін өсті, ал капитал тиімділігінің көрсеткіші (ROE) 23,8% құрады. 2012 жылы Банк бөлімшелер желісі клиенттер үшін қолайлы жұмыс кестесімен 55 жаңа Қызмет көрсету орталығына көбейді. Клиенттерге қызмет көрсету сапасы мен қолайлылық деңгейі бойынша үздік банк болуды мақсат ете отырып, Банк кредиттерді өтеу үшін дербес терминалдар желісі мен көп функционалды банкоматтарды қолданысқа енгізді. Келесі жылдың соңына дейін Банк платформасы 20 филиал мен 150-дан астам бөлімшеге ұлғаяды. Барлық сегменттегі клиенттер үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынатын әмбебап банк. 1994 жылы құрылған. Қазақстанның көптеген қалаларында Банктің 18 филиалы мен Еуразиялық банк туралы: 74 бөлімшесі, Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі бар. Соңғы рейтинг S&P: В+ «тұрақты» болжамымен. KASE мүшесі. Жаңа марапат туралы: The Banker-дің алдыңғы марапаттары 2011 жылғы желтоқсанда берілген, рейтингке 147 елден 140-тан астам қаржы институты қатысқан. Өткен жылы марапатталған банктердің қатарында - HSBC (Жаһандық Жыл Банкі), Santander (Батыс Еуропадағы Жыл Банкі), Сбербанк Орталық және Шығыс Еуропадағы Жыл Банкі), Citi (Транзакциялар бойынша көшбасшы), Standard Chartered (Қаржылық қызметтерді қамту бойынша көшбасшы). "Еуразиялық банк" АҚ коммуникациялар департаменті тел. +7 (727) 259 95 99 (ішкі 3024) www.eubank.kz конец цитаты [2012-12-04]