2012 жылдың 04 желтоқсанынан бастап "MAG" АҚ (Қазақстан) KZ1C53590010 (KZ1C00000348, MAG_) жай акциялары ж2не KZ1P53590116 (KZ1P00000350, MAG_p) эмитент бастамасымен KASE ресми тізімінен шығарылды

30.11.12 17:53
/KASE, 30.11.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік комиссиясының шешімімен 2012 жылдың 04 желтоқсанынан бастап "MAG" АҚ (Алматы, одан әрі - компания) келесі бағасы қағаздары эмитент бастамасымен KASE ресми тізімінен шығарылды: - KZ1C53590010 (KZ1C00000348, MAG_) жай акциялары; - KZ1P53590116 (KZ1P00000350, MAG_p) артықшылықты акциялары. KASE 2012 жылдың 20 қарашасындағы тұжырымында айтылғандай, 2012 жылдың 05 қарашасында KASE компаниядан келесі құжаттарын алды: - аталмыш акциялардың ерікті делистингі туралы 2012 жылдың 05 қарашасындағы өтініші; - аталмыш акцияларды ұстаушылардың тізілім жүйесінен үзінді көшірме, онда 2012 жылдың 02 қарашасындағы жағдай бойынша компанияның жалғыз акционері "MAG ИНВЕСТ" АҚ болып табылады; - компанияның акционерлерінің 2012 жылдың 02 қазанындағы аталмыш акцияларды ерікті делистингілеу туралы шешімінің көшірмесі Жоғарыда айтылғанның негізінде және "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 19 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес аталмыш акциялар делистингіленді. Аталмыш акциялар KASE ресми тізіміне екінші санат бойынша 2006 жылдың 22 қазанынан бастап енгізілген, 2008 жылдың 01 қарашасынан бастап ресми тізімінің екінші санатына ауыстырылды, ал 2010 жылдың 22 наурызынан бастап KASE ресми тізімінің үшінші санатына ауыстырылды. Олардың сауда-саттығы 2010 жылдың 03 желтоқсаннан бастап ашылды. Аталған акциялардың айналымы кезінде биржада мәміле жасаған жоқ. [2012-11-30]