2012 жылдың 04 желтоқсанынан бастап "Шұбаркөл көмір" АҚ (Қазақстан) KZ1C49620012 (KZ1C00000124, SHUK) жай акциялары эмитент бастамасымен KASE ресми тізімінен шығарылды

30.11.12 16:46
/KASE, 30.11.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік комиссиясының шешімімен 2012 жылдың 04 желтоқсанынан бастап "Шұбаркөл көмір" АҚ (Қарағанды, одан әрі - компания) KZ1C49620012 (KZ1C00000124, SHUK) жай акциялары эмитент бастамасымен KASE ресми тізімінен шығарылды. KASE 2012 жылдың 15 қарашасындағы тұжырымында айтылғандай, 2012 жылдың 14 қарашасында KASE компаниядан келесі құжаттарын алды: - аталмыш акциялардың ерікті делистингі туралы 2012 жылдың 09 қарашасындағы өтініші; - аталмыш акцияларды ұстаушылардың тізілім жүйесінен үзінді көшірме, онда 2012 жылдың 05 қарашасындағы жағдай бойынша компания акционерлері екі заңды тұлға болып табылады; - компанияның акционерлерінің 2012 жылдың 26 қазанындағы аталмыш акцияларды ерікті делистингілеу туралы шешімінің көшірмесі Жоғарыда айтылғанның негізінде және "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 19 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес аталмыш акциялар делистингіленді. Аталмыш акциялар Алматы қаласының қаржы орталығының аймақтық сауда алаңының ресми тізіміне екінші санат бойынша 2008 жылдың 31 қазанынан бастап енгізілген, 2009 жылдың 09 қарашасынан бастап KASE ресми тізімінің екінші санатына ауыстырылды, ал 2010 жылдың 30 наурызынан бастап KASE ресми тізімінің үшінші санатына ауыстырылды. Олардың сауда-саттығы 2009 жылдың 12 ақпанынан бастап ашылды. Аталмыш акциялардың биржада айналыста болу мерзімінде олармен ашық сауда-саттық тәсілімен бір акцияға 30 000,00-ден 40 551,00-ге дейін жетіп отырды. [2012-11-30]