"Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) 2012 жылдың 01 желтоқсанынан бастап өздерінің бірқатар қызмет түрлері тарифтерінің арзандағаны туралы хабарлады

30.11.12 14:47
/KASE, 30.11.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана) биржаға (KASE) 2012 жылдың 30 қарашасындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: ... Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің тарифтік саясатын жүзеге асыру және ақпараттық коммуникациялық технологияларды дамыту жоспарына сәйкес "Қазақтелеком" АҚ 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бастап бірқатар қызмет түрлерінің тарифтерін төмендетпекші. Сонымен, жергілікті деңгейдегі телефон байланысының телекоммуникация операторлары желілерін жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желілеріне қосу қызметіне бір жолғы төлем 5% ға арзандайды. 1 желтоқсаннан бастап, Интернет желісіне кең жолақты қосылу қызметі үшін бір жолғы төлем 10% арзандамақ. Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшінИнтернет желісіне қосылу үшін портқа қосылуға бір жолғы төлем 10% арзандайды, сондай-ақ "Megaline Optima iD Phone" тарифтік жоспары бойынша ай сайынғы төлем 10% төмендейді. Осы хабарламаның орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1180084 мекен-жайында танысуға болады. [2012-11-30]