/KASE, 30.11.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми
тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана) биржаға (KASE) 2012 жылдың
30 қарашасындағы баспасөз хабарламасын ұсынды:
...
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің
тарифтік саясатын жүзеге асыру және ақпараттық коммуникациялық
технологияларды дамыту жоспарына сәйкес "Қазақтелеком" АҚ
2012 жылдың 1 желтоқсанынан бастап бірқатар қызмет түрлерінің
тарифтерін төмендетпекші.
Сонымен, жергілікті деңгейдегі телефон байланысының телекоммуникация
операторлары желілерін жалпы пайдаланудағы телекоммуникация
желілеріне қосу қызметіне бір жолғы төлем 5% ға арзандайды.
1 желтоқсаннан бастап, Интернет желісіне кең жолақты қосылу қызметі үшін
бір жолғы төлем 10% арзандамақ. Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар
үшінИнтернет желісіне қосылу үшін портқа қосылуға бір жолғы төлем 10%
арзандайды, сондай-ақ "Megaline Optima iD Phone" тарифтік жоспары
бойынша ай сайынғы төлем 10% төмендейді.
Осы хабарламаның орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб-сайтында
http://www.kase.kz/ru/news/show/1180084 мекен-жайында танысуға болады.
[2012-11-30]