/ҚАЙТАЛАУ/ KASE "ХАЛЫҚТЫҚ IPO" БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА "ҚАЗТРАНСОЙЛ" АҚ KZ1C29950017 (KZ1C00000744, KZTO) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫН БИРЖА МҮШЕЛЕРІНЕН САТЫП АЛУҒА ӨТІНІМДЕРДІ 01-03 ЖЕЛТОҚСАНДА ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ҚАБЫЛДАЙДЫ

30.11.12 09:44
/KASE, 30.11.12 - 29.11.12 жаңалықты қайталау/ – Қазақстан қор биржасы "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) акцияларына жазылу арқылы KZ1C29950017 (KZ1C00000744, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KZTO) жай акцияларын алғашқы орналастыру аясында биржа мүшелерінен өтінімдер қабылдау уақытын 2012 жылдың 01- 03 желтоқсанында демалыс және мереке күндері де жалғастыратындығын хабарлайды. Аталған күндері брокерлерден өтініштер алматы уақытымен сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін қабылданады. Бұрын хабарлағандай, аталған акцияларды алғашқы орналастыру "Халықтық ІРО" үкіметтік бағдарламасын жүзеге асыру аясында KASE сауда-саттық жүйесінің арнайы нұсқасында 2012 жылдың 06 қарашасынан 05 желтоқсанына дейін жүргізіледі. Жеке тұлғалар жазылуға қатысуға өтінім беру үшін биржаға тек KASE қор нарығы мүшелері арқылы ғана бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/ru/membership мекен-жайында берілген. "КазТрансОйл" АҚ жай акцияларына жазылу шарттары және оларды аталған жазылым аясында орналастыру тәртібі 2012 жылдың 06 қарашасындағы " 06 ҚАРАШАДАН 05 ЖЕЛТОҚСАНҒА ДЕЙІН БИРЖАДА "ХАЛЫҚТЫҚ IPO" БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА "ҚАЗТРАНСОЙЛ" АҚ KZ1C29950017 (KZ1C00000744, KZTO) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫНА ЖАЗЫЛУ" – атты жаңалықта http://www.kase.kz/ru/news/show/1179674 жарияланды. [2012-11-30]