/ҚАЙТАЛАУ/ 07 ЖЕЛТОҚСАНДА БИРЖАДА "КАЗАХСТАН ИНЖИНИРИНГ" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ (KAZAKHSTAN ENGINEERING) АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZP01Y03E322 (KZ2C00001865, KZENB1) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН САУДА-САТТЫҒЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

30.11.12 09:43
/KASE, 30.11.12 - 28.11.12 жаңалықты қайталау/ Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде 2012 жылдың 07 желтоқсанында "Казахстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы (Kazakhstan Engineering) АҚ (Астана) KZP01Y03E322 (KZ2C00001865, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KZENb1; 100 теңге, 15,0 млрд теңге; 06.11.12 – 06.11.15, жылдық 5,00 % жарты жылдық купон, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі. Аталмыш облигациялардың шығарылымы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау комитетімен 2012 жылдың 19 қазанында тіркелген, жүйесінде "Казахстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы (Kazakhstan Engineering) АҚ жалпы сомасы 30,0 млрд теңге және, эмитенттің биржада листинг процедурасынан өткен, "ішкі" облигацияларының бірінші шығарылымы болып табылады. Арнайы мамандандырылған сауда-саттыққа сатушы ретінде "АСЫЛ- ИНВЕСТ" АҚ (Алматы) қатысады. Орналастырудың жарияланған көлемі KZP01Y03E322 облигациясының (осы шығарылымның тіркелген облигацияларының жалпы санынан 33,3 %) 500 000 данасын құрайды Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақыты (ALT) 11:30-дан 13:00-ға дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – KZENb1. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық күні ALT 15:00-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-дағы корреспондеттік есеп-шотында 15:00-де ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы (жиналған мүддені есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны лоттар санына тең болуы тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген лоттар санының теңгемен көрсетілген бағалы қағаздардың жиынтық номиналды құны көрсетілуі тиіс. Мәміленің көлемі, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған Облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Сатып алу өтінімдерін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға немесе сатушы үшін қолайлы бағаға тең. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/files/emitters/KZEN/kzenf9b1_2012.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2012-11-30]