"АТФБанк" акционерлік қоғамы "Досжан темір жолы (ДТЖ)" акционерлік қоғамының (Қазақстан) 2012 жылдың 30 қыркүйегіндегі қаржылық жағдайын сараптау нәтижелері туралы хабарлады

29.11.12 17:17
/KASE, 29.03.12/ – "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 02.08.05 – 02.08.28; инфляция деңгейімен индекстелген жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 8,75 %; 30/360) инфрақұрылымдық облигацияларын ұстаушылардың өкілі болып табылатын "АТФБанкі" АҚ (Алматы) "Досжан темір жолы (ДТЖ)" акционерлік қоғамының 2012 жылдың 30 қыркүйегіндегі қаржылық жағдайын сараптау нәтижелерін биржаға ұсынды. Аталмыш сараптаудың орыс тіліндегі нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/DTJL/dtjl_akt_300912.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2012-11-29]