АНОНС: 30 қарашада KASE жеке инвесторлар үшін туынды қаржы құралдары нарығы бойынша оқыту семинарын өткізеді

29.11.12 16:16
/KASE, 29.11.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 30 қарашасында алматы уақытмен сағат 14:00-де "KASE фьючерстерінің нарығы" атты семинар өткізеді. Өтетін орны – Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" КСК, солтүстік ғимарат, 8-қабат, KASE конференц-залы. Семинар аясында биржадағы (КASE) қолданыстағы туынды қаржы құралдарымен, сондай-ақ аталған құралдармен жұмыс істеу кезінде түрлі инвестициялық стратегиялар мен мүмкіндіктермен тыңдаушыларды толық таныстыру жоспарланып отыр. Семинарда тәжірибелік мысалдар қарастырылып, "STrade" интернет-трейдинг жүйесінде жұмыс істеп көрсетіледі. Семинарға қатысуға барлық жаңадан бастаған (әлеуетті) инвесторлар шақырылады. Семинарға қатысу үшін қатысушы туралы мәлімет (тегі, аты-жөні, байланыстар, ұйымның атауы және лауазымы) жазылған ақпаратты project@kase.kz электрондық мекен-жайға жіберуге немесе +7 (727) 237 53 40 телефонына хабарлап айтуға болады. Семинар тегін өткізіледі. Орындар шектеулі. [2012-11-29]