"ТЕМА Ко." АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2P0Y03D754 (KZ2C00001683, TEMAb2) облигациялары бойынша 10-шы купонын төлегені туралы хабарлады
29.11.12 14:41
/KASE, 29.11.12/ – "ТЕМА Ко." АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына
(KASE) хабарлағандай, 2012 жылдың 27 қарашасында өзінің KZ2P0Y03D754
(KZ2C00001683, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық
бағалы қағаздар" санаты, TEMAb2; 1 000 теңге, 1,2 млрд теңге; 14.05.10 –
14.05.13, жылдық 13,00 % тоқсандық купон; 30/360) облигациялары
бойынша 10-шы купондық сыйақысын төлегені туралы мәлімдеді.
Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақы сомасы 7 621 250 теңгені
құрады.
"ТЕМА Ко." АҚ облигацияларының шығарылым аңдатпасына сәйкес, осы
сыйақы 2012 жылдың 14 және 23 қарашасы аралығында төленуі тиіс болған.
"ТЕМА Ко." АҚ биржаға жолдаған ресми хатында былай деп мәлімдеді:
2012 жылдың 7 қарашасында "CAIFC Investment Group" АҚ шотына "ТЕМА
Ко." АҚ облигацияларын ұстаушыларына сыйақы төлеуге арналған сома
жолданды. Алайды ақшалай соманы облигация ұстаушысының шотына
аудару үшін бағалы қағаздардың 2012 жылдың қарашасына тізілімін ұсыну
қажет.
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңнамасына
енгізілген өзгертулерге сәйкес, бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімі
жүйесін жүргізуге барлық келісім-шарттар тек "Бағалы қағаздардың бірыңғай
тіркеушісі" АҚ (бұдан әрі - Тіркеуші) жасалуы тиіс. "ТЕМА Ко." АҚ
Тіркеушімен келісім-шарт жасасуға құжаттар бергенімен, өтінімдерді қарау
бойынша белгіленген мерзімдерге сәйкес, өтінімді қарау мерзімі 10
күнтізбелік күннен кем болмауы тиіс, сол себепті қоғам "CAIFC Investment
Group" акционерлік қоғамына бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін
уақытылы ұсына алмады.
Қоғам Тіркеушіге осы жағдайға байланысты өтінімді қарау мерзімін азайту
туралы өтінішін жолдады. Біздің өтінішіміздің негізінде келісім-шарт
2012 жылдың 27 қарашасында жасалды.
Жоғарыда айтылғанның негізінде "ТЕМА Ко." АҚ облигациялар
ұстаушысына сыйақы төлеу 2012 жылдың 23 қарашасында емес
27 қарашасында жүзеге асырылды.
[2012-11-29]