"Қазақстан Даму Банкі" АҚ өзінің $1 млрд облигациясын орналастырғандығы туралы хабарлады

28.11.12 17:04
/KASE, 29.11.2012/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына 28 қарашадағы баспасөз хабарламасы ұсынды, онда мынандай мәліметтер берілген: ... 2012 жылдың 26 қарашасында "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Банк немесе БРК) 1 млрд. АҚШ долларын 10 жыл мерзімге купондық мөлшерлемесі жылдық 4,125% Еврооблигацияларын халықаралық орналастыруды табысты аяқтады. Бұл мәміле қазақстандық банктер арасындағы бір транш аясындағы ең ірі шығарылым болды. Бұндай орналастыру ТМД елдерінің тәуелсіз эмитенттері арасында кірістілігі мен купондық мөлшерлемелерінің төмен параметрлерімен сипатталады. Шығарылым құрылымы Банктің 500 млн. АҚШ долларына жылдық купондық мөлшерлемесі 5,5% және өтеу мерзімі 2015 жылғы 5 жылдық еврооблигацияларын алмастыруды жүргізуді көздейді. Бұл мәміле еврооблигацияларды долларға айырбастау бойынша әлемдегі бірінші рет өткізілгелі отырған мәміле. Осы баспасөз хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1179888 мекен-жайында таныса аласыздар. [2012-11-298]