03 ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАП "САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ АЯСЫНДА ӘЛЕУЕТТІ ЕВРОПА ИНВЕСТОРЛАРЫНА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР БАСТАЛАДЫ

29.11.12 10:28
/KASE, 29.11.12/ – Қазақстан қор биржасының мүшесі болып табылатын "Тройка Диалог Казахстан" АҚ (Алматы) бүгін биржаға төмендегідей мазмұнда баспасөз хабарламасын ұсынды: ... БҰЛ ХАБАРЛАМАНЫ, ОНЫҢ БІР БӨЛІГІН НЕМЕСЕ КӨШІРМЕСІН АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНА, АВСТРАЛИЯ, КАНАДА, ЖАПОНИЯ НЕМЕСЕ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНА ЖІБЕРУГЕ БОЛМАЙДЫ, СОНДАЙ-АҚ АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНА, АВСТРАЛИЯ, КАНАДА, ЖАПОНИЯ НЕМЕСЕ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНА НЕМЕСЕ АТАЛҒАН ЕЛДЕРДІҢ РЕЗИДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА ТУРА НЕМЕСЕ ЖАНАМА, АЛҒАШҚЫ НЕМЕСЕ ҚАЙТАЛАМА ТҮРДЕ ТАРАТЫЛМАЙДЫ. "Самұрық-Энерго" АҚ ВВВ (Fitch нұсқасы - тұрақты) және ВВ+ (S&P нұсқасы – тұрақты) рейтингі бар, RBS және Sberbank CIB Европадағы инвесторлардың кездесулер сериясын 2012 жылдың 3 желтоқсанынан бастап ұйымдастыруға уәкілеттік берді. Осы кезде қолайлы нарықтық жағдайлар болса, АҚШ-тың 1933 жылғы бағалы қағаздар туралы S Заңының ережесімен реттелетін аталған компанияның доллар түріндегі бағалы қағаздарын орналастыруға болады. Бұндай жағдайда FSA/ICMA қамтамасыз етілген тұрақтандыру стратегиясын қолдануға болады. Кез келген әлеуетті орналастыру, сондай-ақ Қазақстандағы бағалы қағаздарды бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында орналастыру ережесімен реттеледі. Осы хабарламаның орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1179913 таныса аласыздар. [2012-11-29]