"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Қазақстан) Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады

28.11.12 17:16
/KASE, 28.11.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана, одан әрі цитатада – Корпорация), биржаға ресми хатпен төмендегіні хабарлады: цитата басы "НУХ "КазАгро" АҚ Басқармасының 2012 жылдың 14 қарашасындағы # 67 шешімімен Корпорация Басқармасының төрағасы Малелов Нұрлыбек Төлебайұлы Корпорацияның Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды, "КТ "Целиноградское" ЖШС басқармасының төрағасы Әшебеков Сағадат Қайыржанұлы Корпорацияның Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директоры болып сайланды. Берілген хабарламаға сәйкес Құдасбаева Бақыт Ескендірқызы 2012 жылдың 16 қарашасынан бастап Корпорацияның Директорлар кеңесінің мүшесі уәкілеттігін тоқтатты. цитата соңы [2012-11-28]