"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ өзінің KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигациялары бойынша 4-ші купондық сыйақысын уақытылы төлемегені үшін өсімақысын төлегені туралы хабарлады

28.11.12 15:15
/KASE, 28.11.12/ – "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Алматы, бұдан әрі – "ДТЖ") инфрақұрылымдық KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, KASE ресми тізімі, "буферлік санат" санаты, DTJLb1; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 02.08.05 – 02.08.28, инфляция деңгейімен индекстелген жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 5,45 %, 30/36), облигацияларын ұстаушыларының өкілі болып табылатын, "АТФБанк" АҚ (Алматы), қазақстан қор биржасына (KASE) жолдаған ресми хатында былай деп мәлімдеді: "ДТЖ" АҚ қол жеткізген келісімдерді орындауына орай, "ДТЖ" АҚ 4-ші купондық сыйақыны төлей бойынша өз міндеттемелерін уақытылы орындамағаны үшін есептелген өсімақыны төлеу кестелеріне сәйкес, 2012 жылдың 22 қарашасында Облигацияларды ұстаушыларға сомасы 8 099 563,30 (сегіз миллион тоқсан тоғыз мың бес жүз алпыс үші) теңге 30 тиын өсімақы төлегененн 2012 жылдың 23 қарашасындағы # 842 хатпен хабарлады. [2012-11-28]