"HALYK FINANCE" АҚ "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАНКІ" АҚ ЕВРООБЛИГАЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

27.11.12 17:20
/KASE, 27.11.12/ – "Қазақстан Даму банкі" АҚ (Астана) еврооблигацияларын шығаруда бірлескен жетекші менеджер және букраннері болып табылатын "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы, тақырыптамада - "Halyk Finance" АҚ) Қазақстан қор биржасына (KASE) " төмендегі мазмұнда баспасөз хабарламасын жолдады: ... "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ Эмитенттің Бағдарламасы аясында шығарылған және шет ел мемлекетінің заңдарына сәйкес тіркелген 2 миллиард АҚШ долларына дейінгі жахандық облигацияларын шығару бойынша "Қазақстан Даму банкі" АҚ (бұдан әрі- Эмитент) жалпы номиналдық көлемі 1 млрд. АҚШ долларын (бұдан әрі- Облигациялар) құрайтын 10 жылдық Еврооблигацияларды алғашқы орналастыру нәтижелері туралы хабарлайды. 2012 жылдың 26 қарашасы күні өтінімдерді жинау аяқталған соң Эмитент өтеуі жылдық 4,326% Облигацияның кірістілігіне сәйкес кесімді бағаны белгіледі. Төменде шығарылым облигацияларының нақты параметрлері берілген. --------------------------------------------------------------- Эмитент: "Қазақстанның Даму Банкі" Күтілетін рейтингтер: BBB+ (S&P), Baa3 (Moody's), BBB (Fitch) Шығарылым сомасы номиналдық құны: U.S. $1,000,000,000 Есептесу күні: 2012 ж 10 желтоқсан Өтеу күні: 2022 ж 10 желтоқсан Орналастыру бағасы: 98,382% Купон мөлшерлемесі: жылдық 4,125% Купон төлеу күні: 10 маусым және 10 желтоқсан жыл сайын Орналастыру кезіндегі өтеу кірістілігі: жылдық 4,326% Купон сомасын есептеу кезіндегі уақытша база: 30/360 Шығарылым форматы: 144A / ережесіне сәйкес АҚШ бағалы қағаздар туралы Заңының S Ережесі Деноминация: U.S. $200.000 немесе үлкен номинал, U.S. $1.000 Бірлескен жетекші “Halyk Finance” АҚ, J.P. Morgan, Менеджерлер мен VTB Capital Букраннерлер: Облигация мәртебесі: жоғары, қамтамасыз етілмеген Реттеуші құқық: Ағылшын Листинг: KASE, Лондон Қор Биржасы --------------------------------------------------------------- "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстанның шикізаттық емес секторын қаржыландыру бойынша ұлттық дамыту институты болып табылады. "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ 100 пайыз акциялары "Самұрық -қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына жатады. [2012-11-27]