KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Біріккен Королдігі) 2012 жылдың тоғыз айындағы жұмыс қорытындысы туралы хабарлады

27.11.12 14:41
/KASE, 27.11.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Лондон),биржаға 2012 жылдың 27 қарашасында төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы 2012 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС жергілікті тауар өндірушілермен тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындап, қызметтер көрсетуге 177 млрд.теңге бөлді. Соның ішінде тауарлар сатып алуға 100 млрд.теңге, жұмыстар орындап, қызметтер көрсетуге 77 млрд.теңге жұмсалды. 2012 жылдың 9 айында импорттың үлесі 2011 жылғы сондай кезеңдегі 16,17 пайызбен салыстырғанда, 12,96 пайызға дейін төмендеді. Қазақстандық кәсіпорындардан (СТ-КZ сертификатымен) сатып алу 98,2 млрд. теңгені құрады, ол жалпы сатып алу көлемінің 55 пайызын құрап отыр. Бұл ретте, жұмыстар мен қызметтер санатындағы қазақстандық үлестің көлемі 99 пайыздан асқан. Осы жылы Қазақмыс корпорациясының жалпы сатып алулар көлемі шамамен 235 млрд. теңгеге жетеді деп жоспарлануда. 2011 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақмыс 138,3 млрд. теңге сомасына тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алған болатын. Оның ішінде 68,4 млрд.теңге қазақстандық кәсіпорындардан (СТ-КZ сертификатымен) сатып алу көлемін құраған, бұл жалпы сатып алу көлемінің 49,49 пайызын құрайды. цитата соңы Осы баспаөз хабарламасының толық нұсқамысен KASE веб-сайтында: - қазақ тілінде - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_271112_kz.pdf; - орыс тілінде - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_271112.pdf таныса аласыздар. [2012-11-27]