26 қарашадан бастап биржада акцияға жазылу жүргізу ережесіне толықтырулар күшіне енгізіледі

26.11.12 17:11
/KASE, 26.11.12/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) биржалық кеңесінің шешімімен 2012 жылдың 21 қарашасында KASE ішкі құжаты "Акцияға жазылу жүргізу ережесінің" (Ереже) # 2 толықтыруы бекітілді. Толықтыру Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетімен 2012 жылдың 23 қарашасында келісіліп, 2012 жылдың 26 қарашасынан бастап күшіне енгзіледі. Толықтыру "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ бастамасымен "Халықтық IPO" бағдарламасы аясында жүргізілуде. Сатушының және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жазбаша келісімімен Биржа басқармасы сатып алушыдан өтініш қабылдау, қабылданған өтінімдерді және қанағаттандырылған өтініштер тізбесін қабылдау және өткізіп берудің ережеде белгіленген мерзімдердін, сондай-ақ есептеулер жүргізу мерзімін өзгертуге құқылы. Ереженің жаңа мәтіні жақын арада KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/info_rules.pdf жарияланады. [2012-11-26]