АНОНС: 30 ҚАРАШАДА KASE ЖЕКЕ ИНВЕСТОРЛАР ҮШІН ТУЫНДЫ ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫ НАРЫҒЫ БОЙЫНША ОҚЫТУ СЕМИНАРЫН ӨТКІЗЕДІ
22.11.12 10:09
/KASE, 22.11.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың
30 қарашасында алматы уақытмен сағат 14:00-де "KASE фьючерстерінің
нарығы" атты семинар өткізеді. Өтетін орны – Алматы қаласы, Байзақов
көшесі, 280, "Almaty Towers" КСК, солтүстік ғимарат, 8-қабат, KASE
конференц-залы.
Семинар аясында биржадағы (КASE) қолданыстағы туынды қаржы
құралдарымен, сондай-ақ аталған құралдармен жұмыс істеу кезінде түрлі
инвестициялық стратегиялар мен мүмкіндіктермен тыңдаушыларды толық
таныстыру жоспарланып отыр. Семинарда тәжірибелік мысалдар
қарастырылып, "STrade" интернет-трейдинг жүйесінде жұмыс істеп
көрсетіледі.
Семинарға қатысуға барлық жаңадан бастаған (әлеуетті) инвесторлар
шақырылады.
Семинарға қатысу үшін қатысушы туралы мәлімет (тегі, аты-жөні,
байланыстар, ұйымның атауы және лауазымы) жазылған ақпаратты
project@kase.kz электрондық мекен-жайға жіберуге немесе
+7 (727) 237 53 40 телефонына хабарлап айтуға болады.
Семинар тегін өткізіледі. Орындар шектеулі.
[2012-11-22]