ВТБ Банк АҚ еншілес ұйымы (Қазақстан) мүдделілігі бар мәміле жасағандығы туралы хабарлады

21.11.12 15:24
/KASE, 21.11.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған ВТБ Банк АҚ (Қазақстан) еншілес ұйымы (Алматы) 2012 жылдың 12 қарашасында биржаға мүдделілігі бар мәміле жасағандығы туралы ақпараттық хабарлама ұсынды: Аталған хатта төмендегі жай баяндалады. ... мәміленің негізгі шарттары: құжатта хостинг аралық қосылулар ұсыну аясында Процессор мен Банктің өзара әрекет ету тәртібі сипатталады. Эквайринг желісіне қосылған банктердің карточкасымен жасалатын операциялар барысында қалыптасқан хостинг аралық қосылулар байланыс каналдарының маршруттары арқылы Процессор мен Казтелепорт арасындағы ақпарат алмасуды қарастырады. [2012-11-21]