S&P "Самұрық-Энерго" АҚ (Қазақстан) рейтингілік бағалаулар берді, болжам "Тұрақты"

21.11.12 15:07
/Standard & Poor's, Мәскеу, 20.11.12, Standard & Poor's ағылшын тілінен аударма, KASE тақырыпшасы/ –Standard & Poor's несие рейтингілері қызметі Қазақстанның мемлекеттік интеграцияланған "Самұрық-Энерго" АҚ электр энергетикалық компаниясына "ВВ+" ұзақмерзімді және "В" қысқа мерзімді рейтингілер берді. Сонымен қатар, банкке ұлттық шкала бойынша "kzАА-" рейтингі берілді. Рейтингілердің өзгеру болжамы – "Тұрақты". "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ арқылы (BBB+/Тұрақты/A-2; ұлттық шкала бойынша рейтинг: kzAAA) Қазақстан Республикасына толықтай тиесілі "Самұрық- Энерго" рейтингі (BBB+/Тұрақты/A-2; ұлттық шкала бойынша рейтинг: kzAAA) шұғыл қаржылық дағдарыс жағдайында компанияның жедел мемлекеттік қолдау көрсету мүмкіндігінің "жоғары" екендігін көрсетеді. Сонымен қатар біздің рейтингіміз бойынша компанияның жеке несие қабілеттілігін сипаттау бағасы "b+" (SACP), бизнес-тәуекелдің "қолайлы" және қаржы тәуекелінің "агрессивті деп шартты белгіленген. "Тұрақты" болжамы қазақстанның тәуелсіз несие рейтингтері бойынша ұқсас болжамды көрсетеді, сондай-ақ біздің ойымызша, "Самұрық-Энерго" АҚ қаржылы дағдарыс жағдайында жедел мемлекеттік қолдау көрсету мүмкіндігі "жоғары. Жетекші несие талдаушысы: Сергей Горин, Москва, (7) 495-783-4132; sergei_gorin@standardandpoors.com Екінші байланыс: Елена Ананькина, Москва, (7) 495-783-4130; elena_anankina@standardandpoors.com [2012-11-21]