S&P "Самұрық-Энерго" АҚ (Қазақстан) рейтингілік бағалаулар берді, болжам "Тұрақты"
21.11.12 15:07
/Standard & Poor's, Мәскеу, 20.11.12, Standard & Poor's ағылшын тілінен
аударма, KASE тақырыпшасы/ –Standard & Poor's несие рейтингілері
қызметі Қазақстанның мемлекеттік интеграцияланған "Самұрық-Энерго" АҚ
электр энергетикалық компаниясына "ВВ+" ұзақмерзімді және "В" қысқа
мерзімді рейтингілер берді. Сонымен қатар, банкке ұлттық шкала бойынша
"kzАА-" рейтингі берілді. Рейтингілердің өзгеру болжамы – "Тұрақты".
"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ арқылы (BBB+/Тұрақты/A-2;
ұлттық шкала бойынша рейтинг: kzAAA) Қазақстан Республикасына
толықтай тиесілі "Самұрық- Энерго" рейтингі (BBB+/Тұрақты/A-2; ұлттық
шкала бойынша рейтинг: kzAAA) шұғыл қаржылық дағдарыс жағдайында
компанияның жедел мемлекеттік қолдау көрсету мүмкіндігінің "жоғары"
екендігін көрсетеді. Сонымен қатар біздің рейтингіміз бойынша компанияның
жеке несие қабілеттілігін сипаттау бағасы "b+" (SACP), бизнес-тәуекелдің
"қолайлы" және қаржы тәуекелінің "агрессивті деп шартты белгіленген.
"Тұрақты" болжамы қазақстанның тәуелсіз несие рейтингтері бойынша ұқсас
болжамды көрсетеді, сондай-ақ біздің ойымызша, "Самұрық-Энерго" АҚ
қаржылы дағдарыс жағдайында жедел мемлекеттік қолдау көрсету
мүмкіндігі "жоғары.
Жетекші несие талдаушысы:
Сергей Горин, Москва, (7) 495-783-4132; sergei_gorin@standardandpoors.com
Екінші байланыс: Елена Ананькина, Москва, (7) 495-783-4130;
elena_anankina@standardandpoors.com
[2012-11-21]