"Жайықмұнай" ЖШС(Қазақстан) USN97708AA49, US98951QAA31 (ZHMNe1) облигацияларны сатып алу бойынша тендердің қорытындысы туралы жариялады

20.11.12 16:46
/KASE, 20.11.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Жайықмұнай" ЖШС (Орал), биржаға 2012 жылдың 20 қарашасында ақпараттық хабарлама ұсынды, онда мынадай мәліметтер ұсынылған: ... Zhaikmunai L.P. (Лондон қор биржасындағы тикері: ZKM) еншілес компаниясы болып табылатын Zhaikmunai International B.V. ("Оферент") – мұнай мен газды барлау, өңдеу және өндірумен айналысатын мұнай - газ компаниясы болып табылады. Бүгін "Жайықмұнай" ЖШС ("Эмитент") купондық сыйақысы 10,50% және облигацияларды өтеу мерзімі 2015 жылы шығарған облигацияларды ақшалай сатып алу бойынша тендерлік ұсыныстың ("Тендерлік ұсыныс") қорытындысы туралы хабарлады. 2012 жылдың 19 қарашасында нью-йорк уақыты бойынша 17:00-де жалпы номиналдық құны 347.604.000 АҚШ доллары көлемінде тендерлік ұсынысқа сәйкес тендер жарияланды. ... Осы баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында: - орыс тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/ZHMN/zhmn_reliz_201112.pdf; - ағылшын тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/ZHMN/zhmn_reliz_201112_e.pdf мекен- жайында танысуға болады. [2012-11-20]