/ҚАЙТАЛАУ/ АНОНС: 30 ҚАРАШАДА KASE ЖЕКЕ ИНВЕСТОРЛАР ҮШІН ТУЫНДЫ ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫ НАРЫҒЫ БОЙЫНША ОҚЫТУ СЕМИНАРЫН ӨТКІЗЕДІ
20.11.12 10:07
/KASE, 20.11.12 - 13.11.12 жаңалықты қайталау/ – Қазақстан қор биржасы
(KASE) 2012 жылдың 30 қарашасында алматы уақытмен сағат 14:00-де
"KASE фьючерстерінің нарығы" атты семинар өткізеді. Өтетін орны –
Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers"КСК, солтүстік
ғимарат, 8-қабат, KASE конференц-залы.
Семинар аясында биржадағы (КASE) қолданыстағы туынды қаржы
құралдарымен, сондай-ақ аталған құралдармен жұмыс істеу кезінде түрлі
инвестициялық стратегиялар мен мүмкіндіктермен тыңдаушыларды толық
таныстыру жоспарланып отыр. Семинарда тәжірибелік мысалдар
қарастырылып, "STrade" интернет-трейдинг жүйесінде жұмыс істеп
көрсетіледі.
Семинарға қатысуға барлық жаңадан бастаған (әлеуетті) инвесторлар
шақырылады.
Семинарға қатысу үшін қатысушы туралы мәлімет (тегі, аты-жөні,
байланыстар, ұйымның атауы және лауазымы) жазылған ақпаратты
project@kase.kz электрондық мекен-жайға жіберуге немесе
+7 (727) 237 53 40 телефонына хабарлап айтуға болады.
Семинар тегін өткізіледі. Орындар шектеулі.
[2012-11-20]