"СевКазЭнерго" АҚ (Қазақстан) 19 қарашада өзінің 16,7 млн KZ2C0Y10D695 (KZ2C00001519, SKENb1) облигациясын биржада жылдық 9,5% орналастырды

19.11.12 18:17
/KASE, 19.11.12/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде "СевКазЭнерго" АҚ (Петропавловск) KZ2C0Y10D695 (KZ2C00001519, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар қарыздық бағалы қағаздар" санаты, SKENb1; 100 теңге, 8,0 млрд теңге, 10.01.10 – 10.01.20; жарты жылдық купон жылдық 12,50 %; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті. Эмитент сауда-саттықта KZ2C0Y10D695 30 000 000 облигациясын орналастыруды жоспарлаған (осы шығарылымның жарияланған облигацияларының жалпы санының 37,5 %). Бағалы қағаздың номиналды құнының үтірден кейін төртінші таңбасына дейін дәл көрсетіліп, пайызбен берілген облигациялардың "таза бағасы" (жиналған сыйақыны есептемегенде) сауда-саттықтың мәні болды. Орналастыруға қатысу туралы өтінімдер жабық әдіспен алматы уақытымен (ALT) 15:00 бастап 16:00 дейін берілді. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша. Есептесу схемасы – Т+0. Лот көлемі - 1 000 облигация. Сауда-саттыққа KASE 3 мүшесі қатысты, олар 16 808 000 облигация сатып алуға 3 өтінім берді. Өтінім беру кезеңі аяқталғанда барлық өтінімдер белсенді болып қалды. Осылайша, сауда-саттықтағы сұраныс ұсыныстың 56,0 % құрады. Берілген өтінімдердегі "таза баға" 89,2196 % (жылдық 15,0 %) бастап 115,2740 % (жылдық 9,5 %) дейін құбылды және орташа сараланған мәні 115,1177 % (сатып алушы өтеуіне жылдық 9,5 %).тең болды. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 99,4 % зейнетақы нарығы субъектілерінің үлесіне, 0,6 % - брокерлік-дилерлік компаниялардың клиенттерінің үлесіне тиді. Сауда-саттықтың нәтижелері бойынша эмитент кесімді бағаны 115,2740 % деңгейінде бекітті, бұл облигациялардың сатып алушының өтеуіне жылдық 9,5 % көлемінде сәйкес келеді. Осы баға бойынша 1 өтінімді қанағаттандырып, 16 700 000 облигацияны орналастырды. Осы орайда тартылған сома 1 999 877 883,33 теңгені құрады. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтері бойынша осы ақпаратты жариялау сәтіне барлық мәмілелер орындалды. [2012-11-19]