Қазақстан қор биржасында 19 қараша күні болып өткен "СевКазЭнерго" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y10D695 (KZ2C00001519, SKENb1) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар іске аспады деп жарияланды

19.11.12 18:14
/KASE, 19.11.12/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "СевКазЭнерго" АҚ (Алматы) KZ2C0Y10D695 (KZ2C00001519, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, SKENb1; 100 тенге, 8,0 млрд тенге, 10.01.10 – 10.01.20, жарты жылдық купон, жылдық 12,50 %, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Эмитент сауда-саттықта 30 000 000 (осы шығарылымның жарияланған облигацияларының жалпы санынан 37,5 %) KZ2C0Y10D695 облигацияларын орналастыруды жоспарлаған. Сауда-саттық заты ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы қолданылады. Орналастыруға қатысу үшін өтінімдер жабық тәсілмен Алматы уақытымен (ALT) сағат 11:30-дан 13:00- ге дейін берілді. Сауда-саттықта тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алуға өтінімдерді қанағаттандыру әдісі – кесімді бағаға тең, өтінім бағасымен немесе сатушыға ең ұтымды бағамен. Есептесу сызбасы – Т+0. Қарсылама өтінімдер болмағандықтан, арнайы мамандандырылған сауда- саттықтар іске аспады деп танылып, жарияланды. Ааталмыш облигацияларды орналастыру бойынша қайталама арнайы мамандандырылған сауда-саттық ағымдағы күні сағат 15:00 ден 16:00-ге дейін, сол шарттармен өткізіледі деп хабарланды. Сауда-саттық нәтижесі туралы қосымша хабарланады. [2012-11-19]