"Кселл" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ1C59150017 (KZ1C00000876, KCEL) жай акцияларын Қазақстан және Лондон қор биржасында халықаралық ұсыныс жасау ниеті туралы хабарлады

19.11.12 15:48
/KASE, 19.11.12/ – Қазақстан қор биржасына "Кселл" АҚ (Алматы) 2012 жылдың 13 қарашасында төмендегі мәліметтер берілген баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНДА, КАНАДАДА, ЖАПОНИЯДА НЕМЕСЕ АВСТРАЛЯДА ТОЛЫҒЫМЕН НЕМЕСЕ ЖАРТЫЛАЙ БЕРУГЕ, ЖАРИЯЛАУҒА НЕМЕСЕ ТАРАТУҒА АРНАЛМАҒАН Осы жарнама ұсынысты немесе сатып алу немесе жазылу туралы ұсыныстың бір бөлігі, сондай-ақ кез келген құнды қағазға жазылуға шақыру болып табылмайды, және осы жарнама да, оның қандай да бір бөлігі де қандай да бір келісім-шартты жасасуға немесе қандай бір нысанда қандай бір міндеттемені алуға негіз немесе итермелейтін фактор немесе таяныш болып табылмайды. Осы жарнама аңдатпа емес, жарнамалық хабарландыру болып табылады. Инвесторлар осы жарнамада аталатын табысталатын қандай да бір құнды қағаздарды оның жай акцияларын Жаһандық депозитарлық қолхаттар нысанында Ұлыбританияның Листинг Басқармасының ресми тізіміне кіргізумен және Лондондық қор биржасының листингтік бағалы қағаздарының негізгі нарығындағы саудаға рұқсат алумен байланысты "Кселл" АҚ тиісті кезде жарияланатын анңдатпадағы ақпараттың негізінде ғана сатып алуы немесе жазылуы тиіс. Дереу тарату үшін 2012 жылғы 13 қараша Кселл акцияларды халықаралық және жергілікті орналастыру туралы ниетін жариялайды Кселл акционерлік қоғамы ("Кселл" немесе "Компания"), ақшалай түсім көлемі және абоненттер саны бойынша Қазақстандағы ұялы байланыс қызметінің жетекші операторы, бүгін өзінің жай акцияларын («Акциялар») жаһандық депозитарлы қолхат («ЖДҚ») түрінде Лондондық қор биржасында халықаралық ұсыныс (Халықаралық ұсыныс) және бір уақытта Қазақстанда Қазақстандық қор биржасында Акция түрінде ұсыныс (Жергілікті ұсыныс) жасау ниеті туралы жариялайды. Халықаралық ұсыныс және Жергілікті ұсыныс (бірлесіп «Ұсыныстар») Telia Sonera AB толық меншігінде болып табылатын еншілес компания "Сонера Холдинг БВ-ге " (Sonera Holding B.V.) тиесілі Акцияларды Компанияның орналастырылған жай акциялардың жалпы санының 25% мөлшерінде сату жүзеге асырылады. Жаһандық ұсыныс және Жергілікті ұсыныс жасау үшін реттеуші органдардың барлық қажетті рұқсаттарын алу қажет. Кселл ЖДҚ Ұлыбританияның Листинг басқармасының ресми тізіміне енгізу үшін арыз беруге және Лондондық Қор биржасының листингтік бағалы қағаздардың негізгі реттелетін нарығындағы саудаға рұқсат алуға ниеттенеді. Сондай-ақ Компания «Қазақстандық қор биржасы» АҚ-на (ҚҚБ) Акцияларды биржаның ресми тізімінің бірінші санатына енгізу үшін сұраным берді. Credit Suisse, UBS Investment Bank және Visor Capital инвестициялық банктері Халықаралық ұсыныстың бірлескен жаһандық үйлестірушісі және бірлескен букраннерлері ретінде әрекет етеді. Renaissance Capital бірлескен букраннер ретінде әрекет етеді, және Halyk Finance жаһандық ұсыныстың ортақ/бірлескен менеджері ретінде әрекет етеді. Жергілікті ұсыныстар Visor Capital компаниясының басшылығымен жүзеге асырылады. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық мәтіні "Кселл" АҚ жай акцияларының биржаның ресми тізіміне енгізілуі туралы Листингтік комиссияның шешімі күшіне енген соң http://www.kase.kz/ru/emitters/show/KCEL сайтында жарияланады. [2012-11-19]