"Казкоммерцбанк" АҚ (Қазақстан) Алматы қаласының әкімдігімен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік туралы меморандум аясындағы жобаларды іске асыру нәтижелері және жаңа меморандумға қол қою туралы

19.11.12 11:55
/KASE, 19.11.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), 2012 жылдың 16 қарашасында биржаға төмендегі мазмұнда баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов мырзаның алдыңғы қатарлы қазақстандық банктермен кездесуі барысында Қазкоммерцбанк қаланың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешу мақсатында әкімдік пен Қазкоммерцбанк арасында 2011 жылғы тамызда қол қойылған Меморандумның шеңберіндегі жобаларды іске асыру нәтижелері бойынша есеп берді. Мемлекеттік- жекеменшік серіктестіктің жемісті тәжірибесі оңтүстік астана әкімдігімен 2013-2014 жылдарға арналған жаңа Меморандум жасауға негіз болып отыр, осыған қоса аталған бастамаға тағы 8 банк қосылды. «Өткен жылы Алматы қаласының әкімдігі мен Қазкоммерцбанк мемлекеттік- жекеменшік серіктестік шеңберіндегі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойған болатын. Көңілден шыққан серіктестіктің нәтижелері бойынша Қазақстанның ең ірі қалаларының бірін дамыту бойынша бірігіп күш салу үшін 2013-2014 жылдарға 9 банкпен бірге жасалатын Меморандумдар әзірленді» – деді қала әкімі Ахметжан Есімов өз сөзінде. 2011 жылғы меморандумның аясында Қазкоммерцбанк тарабынан жалпы қаржыландыру сомасы 159млрд. теңге құраған тұрғын үй, инфрақұрылым нысандарының құрылысын жүргізу, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жобалар іске асырылды. 2012 жылғы 1 қазандағы жағдайға сәйкес 60 млрд. теңгеге жуық сома игерілген, оның ішінде тұрғын үй құрылысына – 27 млрд. теңгеден астам, инфрақұрылым нысандарының құрылысы мен құрылысын аяқтауға – 17 млрд. теңгеден астам, ШОБ қаржыландыруға және ипотекалық кредиттер беруге – 15 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Осының нәтижесінде 5 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды, жалпы ауданы 957 мың ш.м. құрайтын тұрғын үйлер (5 159 пәтер) және 300 мың ш.м. астам инфрақұрылым, туризм және спорт нысандарының құрылысы жүргізілетін болады. Сонымен қатар, Алматы қ. халқының әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету аясында Қазкоммерцбанк бірқатар қайырымдылық іс-шараларын өткізді. Аталған шаралардан түскен ақша қаражаты церебралды сал ауруына шалдыққан балаларды емдеуге арналған құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалды. Осымен бірге Банк ардагерлерге, мүгедек балаларға, мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге арналған қаржы бөліп, Медеу шатқалында болған дауылдың салдарын жою жұмыстарына қаржылық көмек көрсетті. «Біз, әкімдік пен Қазкоммерцбанктің осы Меморандумның шеңберіндегі серіктестігін жоғары бағалаймыз.Жобаларды іске асыру кәсіпкерлікке, қаламыздың бұдан әрі дамуына және қала тұрғындарының өмір сүру сапасының жақсара түсуіне түрткі болмақ», – деді Қазкоммерцбанктің Басқарма Төрайымы Нина Жүсіпова. Салтанатты рәсім барысында Қазкоммерцбанк пен Алматы қаласының әкімдігі арасында қол қойылған жаңа Меморандум «Қолжетімді тұрғын ұй» мемлекеттік бағдарламасымен, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетумен, қаланы абаттандыру мен экологиялық жағдайды жақсартумен байланысты нақты жобаларды іске асыруды қарастырады. Оны жүзеге асырудың нәтижесінде 4,5 мыңға тарта жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Осыған қоса, Халық банкі, БТА банк, Банк ЦентрКредит, Альянс Банк, Сбербанк, Цеснабанк, Темірбанк және кaspi bank сияқты тағы сегіз банк әкімдікпен жасалған меморандумдарға қол қойды, аталған құжаттар, әзірге, негіздемелік сипатқа ие болып отыр. Байланыс үшін: Казкоммерцбанктің баспасөз қызметі Тел. 2585-105, ішкі 57775, 2585-456, цитата соңы [2012-11-19]