АНОНС: 2012 жылдың 21 қарашасында "Жайықмұнай" ЖШС (Қазақстан) 2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығындағы қызметінің нәтижелерін жариялау бойынша телеконференциясы болып өтеді

16.11.12 16:30
/KASE, 16.11.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Жайықмұнай" ЖШС (Орал), биржаға 2012 жылдың 16 қарашасында жолдаған ақпараттық хабарламасында былай деп мәлімдеді: Сәрсенбі күні, 21 қарашада "Жайықмұнай" Компаниясы (ЛҚБ тикері: ZKM), солтүстік-батыс Қазақстанда кәсіптері бар, мұнайгазбарлау және өндіру кәсіпорны өз қызметінің үшінші тоқсанға (ТО3) және 30 қыркүйекке дейінгі тоғыз айға нәтижелерін жариялайдыү Жайықмұнай компаниясының жетекшілік тобы талдаушылар мен инвесторлардың сұрақтарына Лондон уақытымен сағат 14.00-де (GMT + 0:00) жауап бере алады. Егер осы телеконференцияға қатысу ниетіңіз болса, мына мекен-жайды: investor_relations@zhaikmunai.com. пайдалана отырып тіркелуіңізді сұраймыз. Өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді (аты-жөніңіз, компанияның атауы, электрондық пошта мекен-жайы және телефон нөмірлері) белгілеңіз. Сол күні Жайықмұнай компаниясының жетекшілік тобы Талдаушы мен инвестор күнін (Capital Markets Day) өткізеді. Осы іс-шараға қатысу үшін Pelham Bell Pottinger компаниясына (LHartley@pelhambellpottinger.co.uk) хабарласуларыңызды немесе төменде берілген байланыс ақпараттарын пайдалануыңызды сұраймыз. Қосымша ақпарат Zhaikmunai LP Бруно Меер (Bruno Meere), Кирсти Гамильтон-Смит (Kirsty Hamilton-Smith) Investor_relations@zhaikmunai.com +44 (0) 1624 68 21 79 Pelham Bell Pottinger Филипп Деннис (Philip Dennis) Елена Добсон (Elena Dobson) +44 (0) 207 861 32 32 [2012-11-16]