/ҚАЙТАЛАУ/ АНОНС: 23 ҚАРАШАДА KASE ЖАҢАДАН БАСТАҒАН ЖЕКЕ ИНВЕСТОРЛАР ҮШІН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫН ӨТКІЗЕДІ

16.11.12, 10:01
/KASE, 16.11.12 - 13.11.12 жаңалықты қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 23 қарашасында алматы уақытмен сағат 09:00-де "Жаңадан бастаушы инвестор" атты семинар өткізеді. Өтетін орны – Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers"КСК, солтүстік ғимарат, 8- қабат, KASE конференц-залы. Семинар аясында KASE мамандары ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы кейбір жалпы мәселелермен таныстырады. Сонымен қатар, жаңадан бастаған инвесторлардың әдетте жіберетін қателіктері қарастырылып, "STrade" интернет-трейдинг жүйесінде жұмыс істеп көрсетіледі. Семинарға қатысуға барлық жаңадан бастаған (әлеуетті) инвесторлар шақырылады. Семинарға қатысу үшін қатысушы туралы мәлімет (тегі, аты-жөні, байланыстар, ұйымның атауы және лауазымы) жазылған ақпаратты project@kase.kz электрондық мекен-жайға жіберуге немесе +7 (727) 237 53 40 телефонына хабарлап айтуға болады. Семинар тегін өткізіледі. Орындар шектеулі. [2012-11-16]