"Қазақстанның Даму банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БРК-Лизинг" АҚ Шымкент қаласындағы өкілдігінің таратылуы туралы хабарлады

15.11.12 10:58
/KASE, 15.11.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстанның Даму банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БРК-Лизинг" АҚ (Астана), ресми хатпен биржаға төмендегіні хабарлады: БРК-Лизинг Директорлар кеңесінің шешімімен (2012 жылдың 20 маусымдағы жиналысының #67 хаттамасының үзіндісі) Шымкент қаласындағы "Оңтүстiк" БРК-Лизинг өкілдігінің қызметі тоқтатылды. Тиісті өзгертулер 2012 жылдың 21 қыркүйегінде уәкілетті органға тіркелген облигациялық бағдарлама аңдатпасына енгізілді. ... Шымкент қаласындағы "Оңтүстiк" БРК-Лизинг өкілдігінің қызметі тоқтату процесі – 2012 жылдың 02 маусымынан 2012 жылдың 23 қазанына дейін орындалды. [2012-11-15]