2012 жылдың 28 желтоқсанында "Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізіледі

14.11.12 11:38
/KASE, 14.11.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) 2012 жылдың 28 желтоқсанында сағат 15:00-де компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілетіні туралы хабарлады, жиналыстың күн тәртібінде: - жаңа редакциядағы компания жарғысын бекіту туралы; - компания акцонерлерінің жалпы жиналысы туралы қағидаға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы; - компанияның Директорлар кеңесі туралы қағидаға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы; - компанияның тәуелсіз Директорларын таңдау саясатын бекіту туралы. Аталмыш жиналыс: Астана қ., Сауран көшесі, 12, мәжіліс залы – мекен- жайы бойынша өткізіледі. Аталмыш жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүргізіледі. Аталмыш жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2012 жылдың 28 қарашасындағы жағдайы бойынша құрастырылады. Кворум болмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы сол уақытта, жоғарыда аталған мекен-жай бойынша 2013 жылдың 18 қаңтарында өткізіледі. Акционерлер күн тәртібіндегі сұрақтардың материалдарымен, жиналыс өтетін күннен кемінде он күн бұрын: Астана қ., Сауран көшесі, 12, тел.: (717) 258 77 13; Алматы қ., Фурманов көш., 240б, тел.: (727) 258 74 67 мекен-жайлары бойынша таныса алады. [2011-11-14