2012 жылдың 28 желтоқсанында "Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізіледі
14.11.12 11:38
/KASE, 14.11.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания)
2012 жылдың 28 желтоқсанында сағат 15:00-де компания
акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілетіні туралы
хабарлады, жиналыстың күн тәртібінде:
- жаңа редакциядағы компания жарғысын бекіту туралы;
- компания акцонерлерінің жалпы жиналысы туралы қағидаға өзгертулер
мен толықтырулар енгізу туралы;
- компанияның Директорлар кеңесі туралы қағидаға өзгертулер мен
толықтырулар енгізу туралы;
- компанияның тәуелсіз Директорларын таңдау саясатын бекіту туралы.
Аталмыш жиналыс: Астана қ., Сауран көшесі, 12, мәжіліс залы – мекен-
жайы бойынша өткізіледі. Аталмыш жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат
13:00-ден 14:30-ға дейін жүргізіледі.
Аталмыш жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2012 жылдың
28 қарашасындағы жағдайы бойынша құрастырылады.
Кворум болмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы
сол уақытта, жоғарыда аталған мекен-жай бойынша 2013 жылдың
18 қаңтарында өткізіледі.
Акционерлер күн тәртібіндегі сұрақтардың материалдарымен, жиналыс
өтетін күннен кемінде он күн бұрын: Астана қ., Сауран көшесі, 12, тел.:
(717) 258 77 13; Алматы қ., Фурманов көш., 240б, тел.: (727) 258 74 67
мекен-жайлары бойынша таныса алады.
[2011-11-14