"Казкоммерц Секьюритиз" акционерлік қоғамына ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) "Самұрық-Энерго" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y03E334 (KZ2C00001873, SNRGb1) жай акциялары бойынша 12 қарашадан бастап биржада маркет-мейкер мәртебесі берілді

13.11.12 15:43
/KASE, 13.11.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен "Казкоммерц Секьюритиз" акционерлік қоғамына ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы) өтініші негізінде 2012 жылдың 12 қарашасынан бастап "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана) KZ2C0Y03E334 (KZ2C00001873, KASE ресми тізімі,"Рейтингтік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 12.11.12 – 12.11.15, жартыжылдық купон жылдық 6,00 %,30/360) жай акциялары бойынша маркет-мейкер мәртебесі берілді. Маркет-мейкер өзінің міндеттерін орындауға аталған облигациялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап кіріседі. Маркет-мейкер үшін минималды міндетті баға белгілеулер көлемі 2 000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде белгіленді. [2012-11-13]