2012 жылдың 10 желтоқсанда "СЕНІМ-БАНК" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болады

13.11.12 15:42
/KASE, 13.11.12/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "СЕНІМ-БАНК" АҚ (Алматы обл., бұдан әрі – банк), биржаға 2012 жылдың 10 желтоқсанда сағат 17:00-де банктің акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталатыны туралы хабарлады, осы жиналыстың күн тәртібінде: - банктің жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы; - банктің сандық құрамын, Директорлар кеңесінің уәкілеттілік мерзімін анықтау, мүшелерін сайлау, сондай-ақ Директорлар кеңесінің сыйақылары мен өтемақыларының көлемі мен төлеу шарттарын анықтау. - банктің қаржылық есебіне аудит жүргізу үшін аудиторлық компанияны таңдау туралы Осы жиналыс: Алматы обл., Қарасай ауданы, Қарғалы а.о., Рахат е/м., Асқаров көш., 21/2, 1 п. мекен-жайы бойынша өткізіледі. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 16:30-дан басталады. Аталмыш жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2012 жылдың 03 желтоқсандағы жағдай бойынша құрастырылады. Кворум жиналмаған жағдайда банк акционерлерінің жалпы жиналысы 2012 жылдың 11 желтоқсанында сағат 17:00-де жоғарыда берілген мекен- жай бойынша өткізіледі. Акционерлер күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен Алматы қаласы, Фурманов мекен-жайы, 279 мекен-жайында таныса алады. [2012-11-13]