12 қарашада "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ биржадан өзінің KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигацияларын жылдық 9,9 % қайта сатып алды

12.11.12 17:48
/KASE, 12.11.12/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Алматы) KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, KASE ресми тізімі, "буферлік санат" санаты, DTJLb1; 1 000 теңге; 30,0 млрд теңге; 02.08.05 – 02.08.28, инфляция деңгейі бойынша индекстелген жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 5,45 %; 30/360) инфрақұрылымдық облигацияларын қайта сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Сауда-саттықта эмитент 3 230 000 KZ2CKY23B672 облигацияларын (осы шығарылымның орналастырылған облигацияларының 11,5%) қайта сатып алуды көздеген. Облигациялардың бағалы қағаздың номиналды құнынан үтірден кейңн төртінші таңбаға дейін дәл, пайызбен көрсетілген "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есептемегенде) сауда-саттық заты болды. Қайта сатып алуға қатысу туралы өтінімдер жабық тәсілмен алматы уақытының (ALT) 11:30-дан 13:00-ге дейін берілді. Сату туралы өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі – шектелімді қарсы өтінімдердің кесімді бағаға тең және сатып алушы үшін мейлінше тиімді бағалары бойынша. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер қабылданды. Есептесу схемасы – Т+0. Сауда-саттыққа 7 өтінім берген KASE бес мүшесі қатысты, олардың 14 760 560 облигацияны сатуға өтінім берді. Осылайша, сауда- саттықтағы ұсыныс сұраныстан 4,6 есе асып кетті. Берілген өтінімдердегі "таза бағалар" 64,9999 % (жылдық 9,9 %) бастап 100,0000 % (жылдық 5,4 %) дейін ауытқыды, сөйтіп орташа сараланған мәні 83,9731 % (сатып алушының өтеуіне жылдық 7,2 %) құрады. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемі зейнетақы нарығының субъектілерінің үлесіне 93,2 %, ал қазақстандық ЕДБ үлесіне 6,8 % тиді. Сауда-саттық нәтижесі бойынша эмитент кесімді бағаны 65,0000 % деңгейінде бекітті, бұл сатып алушының өтеуіне қарай облигациялардың кірістілігіне жылдық 9,9 % мөлшерінде сәйкес келеді, осылайша 4 251 000 облигацияны қайта сатып алды. Қайта сатып алу сомасы 2 827 501 916,67 теңгені құрады. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректері бойынша осы ақпаратты жариялау сәтіне барлық мәмілелер орындалған. Сатып алынған облигациялардың жалпы көлемінің 0,7 % зейнетақы нарығы субъектілеріне, ал ЕДБ - 99,3 % сатылды. [2012-11-12]