"Қазақстан Даму банкі" АҚ (Қазақстан) өзінің XS0179958805 (BRKZe2) облигациялары бойынша 18-ші купонын төлегені туралы хабарлады

12.11.12 16:48
/KASE, 12.11.12/ – " Қазақстан Даму банкі" АҚ (Астана) Қазақстан қор биржасына (KASE) ұсынған ресми хатында 2012 жылдың 09 қарашасында XS0179958805, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, BRKZe2) облигациялары бойынша он сегізінші купондық сыйақысын төлегені туралы хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 3 688 000 АҚШ долларын құрады. [2012-11-12]