"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Қазақстан) 2012 жылдың 09 қарашасында Лондон қор биржасында 21 821 ЖДҚ және KZ1C51460018 (KZ000A0KEZQ2, RDGZ) 100 жай акцияларын кері сатып алғаны туралы хабарлады

12.11.12 14:28
/KASE, 12.11.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана) 2012 жылдың 09 қарашасында биржаға жолдаған баспасөз-хабарламасында былай деп хабарлады: цитата басы "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") 2011 жылдың 11 қазанында басталған акцияларды кері сатып алу бағдарламасы аясында, 2012 жылдың 9 қараша күні бір Жаһандық депозитарлық қолхат ("ЖДҚ") үшін орташа бағасы 18,01 АҚШ долларынан Лондон қор биржасында (LSE) орналастырылған 21 821 ЖДҚ және бір жай акция үшін орташа бағасы 16 700,00 теңгеден 100 жай акция сатып алғанын хабарлайды. Акцияларды кері сатып алу бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері Компания барлығы 12 110 483 ЖДҚ пен 18 799 жай акцияларды сатып алды. Байланыстық ақпарат: "ҚМГ БӨ" АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7887) Бақдəулет Төлеген e-mail: pr@kmgep.kz "ҚМГ БӨ" АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433) Әсел Қалиева e-mail: ir@kmgep.kz Pelham Bell Pottinger (+44 207 861 3147) Елена Добсон E-mail: edobson@pelhambellpottinger.co.uk цитата соңы [2012-11-12]