"Самрук-Энерго" АҚ KZ2C0Y03E334 (KZ2C00001873, SNRGb1) облигациялары 12 қарашадан бастап KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді

12.11.12 11:18
/KASE, 12.11.12/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 09 қарашасындағы шешімімен "Самрук-Энерго" АҚ (Астана) KZ2C0Y03E334 (KZ2C00001873, 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 12.11.12 – 12.11.15; жарты жылдық купон жылдық 6,00 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: Листингтік комиссияның бұл шешімі, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасындағы шарттарды орындауына байланысты, 2012 жылдың 12 қарашасынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигацияларды ұстаушылардың андеррайтері және қаржылық кеңесшісі " Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы) болып табылады. Аталған облигацияларды ұстаушылардың өкілдері "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Алматы). "Самрук-Энерго" АҚ тіркеушісі "Қор орталығы" АҚ болып табылады Аталмыш жай облигацияларға SNRGb1.қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/satc мекен-жайы бойынша 06 қарашада жарияланады. [2012-11-12]