Қазақстан қор биржасында 09 қараша күні болып өткен "Цеснабанк" АҚ (Қазақстан) өзінің KZP03Y03C363 (KZ2C00001584, TSBNb9) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар іске аспады деп жарияланды

09.11.12 18:02
/KASE, 09.11.12/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Цеснабанк" АҚ (Астана) KZP03Y03C363 (KZ2C00001584, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, TSBNb9; 1 теңге, 6,0 млрд теңге; 12.07.11 – 12.07.14, жарты жылдық купон, жылдық 6,00 %, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігінің 2006 жылдың 13 желтоқсанында тіркелген, жалпы сомасы 20,0 млрд теңге, "Цеснабанк" АҚ екінші облигациялық бағдарламасының үшінші шығарылым және аталмыш эмитенттің Биржада листинг процедурасынан өткен, "ішкі" облигацияларының тоғызыншы шығарылымы болып табылады. Эмитент сауда-саттықта 3 000 000 000 (осы шығарылымның жарияланған облигацияларының жалпы санынан 50,0 %) KZP03Y03C363 облигацияларын орналастыруды жоспарлаған. Сауда-саттық заты ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы қолданылады. Орналастыруға қатысу үшін өтінімдер жабық тәсілмен Алматы уақытымен (ALT) сағат 11:30-дан 15:00- ге дейін берілді. Сауда-саттықта тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алуға өтінімдерді қанағаттандыру әдісі – кесімді бағаға тең, өтінім бағасымен немесе сатушыға ең ұтымды бағамен. Есептесу сызбасы – Т+0. Қарсылама өтінімдер болмағандықтан, арнайы мамандандырылған сауда- саттықтар іске аспады деп танылып, жарияланды. [2012-11-09]