KASE Листингілік комиссиясы "Самұрық-Энерго" АҚ халықаралық облигацияларын KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізуге келісімін берді

09.11.12 17:50
/KASE, 09.11.12/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 09 қарашасындағы шешімімен "Самұрық- Энерго" АҚ (Астана) халықаралық облигацияларын KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізуге келісім берділді. Бұл шешім, сонымен бірге аталмыш облигацияларды KASE ресми тізіміне аталған санат бойынша енгізуді білдіреді, осы шешім, эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1-2 тармақтарында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, өз күшіне енеді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгіннен кейін, KASE веб- сайтында жарияланады. [2012-11-09]